Әулиелер

Әулиелік – Пайғамбарлықтың бір дәлелі. Адам мына ғаламның жиынтық мазмұны болғандықтан адамның жүрегі мыңдаған әлемдердің рухани картасы іспетті. Адамның басындағы ми – көптеген сымсыз телеграф, телефондардың түйіскен орталығы және ғаламның өзіндік бір рухани орталығы екенін адамзаттың ғылыми жетістіктері көрсетіп отыр. Адамның өн бойындағы қалб (жүрек) те, әлемнің көптеген ақиқаттарының айнасы, дәні, дәнекері екендігін сансыз әулиелер жазған миллиондаған нұрлы кітаптар көрсетіп беруде.

Сонымен, адамның жүрегі мен миы әлгіндей орталық. Олай болса, алып ағаштың бүкіл болмысын сақтап тұрған дән. Және мәңгілік, ақыреттік ғаламат құрылғының құрал жабдықтары, тетіктері соның ішіне орналастырылған. Әрине, сол жүректі осылай жаратқан Жаратушы, оның өн бойындағы қабілеттерінің ашыла түсуін, іс атқаруын қалайды. Сондай қалау болған соң, ол жүрек те ақыл сияқты іс атқаратын болады. Жүректің жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін ең мықты дәнекер, әулиелік дәрежелердегі зікір мен тариқат жолы арқылы Иман ақиқаттарына бет бұру.

Жүректің рухани самғауы мен рухани әрекеттердің кілттері мен дәнекері Иләһи зікір мен тәфәккүр. (Әлемге зер сала қарау, ой толғау). Мұндай зікір мен пікірдің игіліктерін санап бітіре алмайсың. Шексіз ақыреттік пайдалар мен адами кемелдіктерді айтпағанның өзінде, тек мына аумалы төкпелі бұл дүниелік тіршілікке қатысты кішкене бір пайдасы мынау: Кез келген адам тіршіліктің у-шуынан, тұрмыс тауқыметінен бір ауық құтылғысы келеді. Демалысты, жан тыныштығын іздейді. Уайымнан құтылып, көңіл көтергісі келеді. Мәдениеттің қол жеткізген ойын сауықтары он адамның бір екеуіне ғана мастық пен бейқамдыққа бой алдыру арқылы уақытша көңілін аулап, тыныш тапқызады. Ал, жүзде сексені тіршілік тауқыметін тартып, тыным таппай жан жақта жүр. Қоғамдық өмірден қол үзіп, тау таста жалғыз өмір сүріп жатқандар да бар. Қиыншылықтар мен қарттық секілді ақыретті еске салатын жағдайлар қоғамдық ойын сауықтардан мақұрым қалдырған. Бұл нәрселер оларға қызық емес. Жұбаныш бермейді.

Ондай жандардың шынайы жұбаныштары, нағыз жан рахаты, алар ләззаты зікір мен пікір арқылы жүректі іске қосу. Тау таста, оңаша жерлерде жан дүниесіне ден қойып, «Аллаһ» дейді. Жаны жай табады. Айналасындағы үрей туғызар нәрселерді бауырмал, күлімсіреген күйде көреді. «Зікір етіп жүрген Жаратушымның барлық жерде сансыз құлдары бар. Олар қорқынышты болып көрінген мына жерлерде де көп, мен жалғыз емеспін. Үрейленіп қорқудың мағынасы жоқ» деп, иманға толы жүрегі рахатқа бөленіп, өмірден толық ләззат алады. Өмірдегі бақыттың мағынасын түсініп, Аллаһқа шүкір етеді.

Әулиелік жол, өте оңай болуымен бірге, өте мүшкіл. Өте қысқа болуымен бірге, өте ұзақ. Өте құнды болуымен бірге, өте қауіпті. Өте кең болуымен бірге, өте тар. Осы сырларға байланысты ол жолды ұстанғандар кейде батып кетеді. Кейде зиян шегеді. Кейде қиыс кетіп, басқаларды жолдан шығарады.

Әулиелік жолдардың ішіндегі ең әдемісі, ең дұрысы, ең жарқыны, ең берекелісі Пайғамбарымыздың (С.А.У) сүннетімен жүру.

Яғни, амал әрекеттерінде үнемі сүннетті естен шығармай, соған мойынұсыну, сүннетті қайталап, іс-әрекеттерінің бәрінде Шариғат үкімдерін үлгі тұту. Міне, осы бойсұну мен үлгі тұту арқылы әдеттегі қарапайым жаратылысқа тән әрекеттері құлшылыққа айналумен қатар, Сүннет пен Шариғатты естен шығармағандықтан әрбір амалы Шариғатты еске түсіріп отырады. Шариғатты еске түсіру – сол Шариғат Иесін еске түсіру болады. Оның аржағында Жаратушы Хақты еске алу тұр. Ал, Оны ойлау, әрдайым Соның құзырында екенін еске салады. Бұл жағдай өмірдің әрбір сәтін бақытқа бөлеп, әрбір сәтін құлшылыққа айналдыру мүмкін. Міне, осы үлкен даңғыл, әулиелік жолдардың ең үлкені болған Пайғамбарымыздың (С.А.У) ізбасарлары болған сахабалар мен салихтардың жолы.

Әулиелік жолдар мен тариқат тармақтарындағы ең маңызды ұстаным ықылас. Өйткені, адам ықылас арқылы жасырын ширктерден (Аллаһқа серік қосудан) құтылады. Ықыласқа қол жеткізе алмаған жан ол жолдармен жүре алмайды. Ол жолдардың ең негізгі күштерінің бірі де махаббат. Махаббат арқылы Мағрифетуллаһқа (Аллаһты тануға) бет бұрған адамдар күмәндар мен қарсылықтарға құлақ аспайды, оңай құтылады. Мыңдаған шайтан жиналып келсе де, олардың шын сүйіктісінің кемелдігіне ишара ететін бір белгіні шығарта алмайды. Егер махаббат болмаса, нәпсісі мен шайтанның және сыртқы шайтандардың қарсылықтарынан көп қиналатын болады. Ондай жағдайда өзін құтқарып қалу үшін хас батырдың қаттылығы мен Иман күші және мұқият назар керек. Осы сырға байланысты әулиелік мәртебелердің барлығындағы Мағрифетуллаһтан (Аллаһты танып білу) туындайтын махаббат ең маңызды ұйытқы, элексир. Бірақ, махабаттың бір қатерлі жері бар. Құлшылықтың сыры өз кемшілігін түсініп жалбарыну, махаббат бұлардан аттап назданып, еркелеп кетеді. Өлшемсіз әрекеттер жасайды. Аллаһтан басқа нәрселерді ұнатып қалған кезде бұл нәрсенің Аллаһты таныстырушы айна қызметін атқарып тұрғанына қарамай, тікелей сол заттың өзін ұнату арқылы дауа болар махаббатқа айналады. Яғни, Аллаһтан басқаға махаббат қылған кезде оны Аллаһ үшін, Аллаһтың есімдерін таныстырушы айна ретінде сүюі қажет бола тұра кейде сол заттың өз кемелдігін, сұлулығын ойлап тікелей соған ынтық болады. Аллаһты да, Пайғамбарды да еске алмай-ақ, тікелей соны жақсы көріп қалуы мүмкін. Мұндай махаббат Аллаһқа деген махаббатқа жол ашпайды, кедергі болады. Аллаһты таныстырушы құрал ретінде жақсы көрсе Аллаһқа деген махаббатқа жол ашады. Соны таныстырып тұр дейі.

#28-мектуб


196 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Неге Рисалей Нұр өте әсерлі?

[Осы инаят сыры бұрынырақта жеке…

Görüntüle

Сияры нәби туралы

Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның…

Görüntüle

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың…

Görüntüle