ҚҰРАН дегеніміз не?

ҚҰРАН – мына әлем атты алып кітаптың мәңгі бітпес тәржімесі;
ҚҰРАН – жаратылыс аяттарын оқитын түрлі тілдердің мәңгі өшпес
тілмашы;
ҚҰРАН – мына кітап тәріздес көзге көрінетін және көрінбейтін әлем­
дерге түсініктеме беруші;
ҚҰРАН – Жердегі және Көктегі жасырын Иләһи көркем есімдердің
мағынауи қазыналарын тауып беруші;
ҚҰРАН – жазба тәрізді қилы оқиғалардың астарындағы терең ақи­
қаттардың мәнісін ашып беруші;
ҚҰРАН – мына шәһәдат әлеміндегі ғайып әлемінің жаршысы;
ҚҰРАН – мына көрнекі әлемнің артындағы ғайып әлемінен келген
мәңгі­бақи, Рахмани, жанды жадыратар жылы лебізге толы ілтипат және
Әзәли, Субхани үгіт пен насихатқа толы қазына;

ҚҰРАН – мына Ислам әлемінің мағынауи Күні, ірге тасы;
ҚҰРАН – ақыреттік әлемдер жөнінде бағыт­бағдар беретін жөн сіл­
теуші;
ҚҰРАН – Аллаһтың өзін және көркем есім­сипаттарын таныстыратын,
Оның күрделі істерінің мән­жәйін түсіндіретін, оны толық баяндайтын
киелі тәпсір, бұлтартпас айғақ, нұрлы тілмаш;
ҚҰРАН – мына адамзат әлемінің нағыз дана данышпаны, оны
бақытқа жетелеген шынайы муршид, өнегелі ұстаз, тура жолға салушы.
Ол – шариғат кітабы һәм дұға кітабы һәм хикмет кітабы һәм құлшылық
кітабы һәм бұйрық пен әмір және хаққа шақыру кітабы һәм зікір кітабы
һәм пікір кітабы һәм күллі адамзаттың рухани қажеттіліктерін қамтамасыз
етуге негіз боларлық көптеген кітаптарды қамтитын өз алдына бірден­бір
таптырмас қасиетті кітап һәм барлық әулие мен ақиқатшылдардың, арифтер
мен ақиық ғұламалардың түрлі­түрлі көзқарас, мәзхабтарына, ұстанған сан
алуан жолдарына сәйкес әрі әрқайсысының ұстанған жолының табиғатына
қарай жөн сілтейтін, нұрландыратын қасиеттерге ие және әрбір бағыттың
ең соңғы барар жерін дәл басып, оны жан­жақты суреттейтін, сан­қилы
кітапшалар дайындап қолына беретін, өте бай да киелі кітапхана тәріздес
Аспани кітап.


/25-Сөз,394-б/


48 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Әулиелер

Әулиелік – Пайғамбарлықтың бір…

Görüntüle

Намаздағы тәшәһһүд дұғасының ақиқаты

اَلتَّحِيَّاتُ اَلْمُبَارَكَاتُ…

Görüntüle

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың…

Görüntüle