Хақ біреу бола тұра, қалайша төрт яки он екі мазхаб пайда болады әрі үкімдері әртүрлі, бірақ бәрінікі дұрыс һәм хақ болады?

Заманға қарай шариғаттар өзгереді. Тіпті кейде бір ғасырда өмір
сүрген қауымдарға түрлі шариғаттар мен бөлек-­бөлек пайғамбарлар
келген. Пайғамбарлардың ақырғысы, Хатем­үл әнбияның әкелген ұлы
шариғаты әр ғасырға әр қауымға толық жеткілікті болғандықтан өзге
шариғаттарға қажеттілік қалмады.
Дегенмен негізгі мәселенің тысындағы
кейбір ерекшеліктерге байланысты белгілі бір дәрежеде түрлі мазхабтарға
қажеттілік туындаған. Иә, қалайша мезгілдер ауысқан кезде сырт киімдер
өзгереді және адамның табиғатына байланысты емдік шаралар, дәрі­-дәрмек
те басқаша болады. Дәл сол сияқты, заманға байланысты шариғаттар
әртүрлі болып, халықтың болмыс­бітіміне, бейім ділігіне қарай үкімдер
өзгеріп отырады. Өйткені, шариғаттың негізден тыс үкімдері адамзаттың
хал­-ахуалымен байланысты болып, дертіне шипа болады. Бұрыңғы өткен
пайғамбарлар заманында адамзат бір­бірінен ұзақ, мінез­құлықтары
дөрекілеу, қатал әрі ойлау қабілеті төмен, жабайылыққа бір табан жақын
болғандықтан ол кездегі шариғат, олардың жағдайына қарай әртүрлі болған.
Тіпті бір құрлықта, бір ғасырда бөлек­бөлек пайғамбарлар мен түрлі­түрлі
шариғаттар болған екен. Кейін ақырзаман пайғамбарының келуімен,
бейне бір адамдар бастауыш деңгейінен жоғары дәрежеге көтерілді.
Әрі көптеген өзгерістер мен өзара қарым­қатынас күшейіп нәтижесінде
адамзат қауымы бір ғана дәріс алып, бір ғана ұстазды тыңдайтындай, бір
ғана шариғатпен амал жасайтындай дәрежеге жеткендіктен енді бұдан
кейін түрлі шариғатқа қажет қалмады, бөлек­бөлек ұстазға да қажеттілік
жоқ. Дей тұрғанмен барлығы жаппай бір деңгейде болмағандықтан және
әлеуметтік-­қоғамдық тұрмыс­тіршілік тері де бірыңғай болмағасын ортаға
бірнеше мазхабтар шықты. Егер адамзаттың басым көпшілігі жоғарғғы
оқу орнының шәкірттері секілді бірдей әлеуметтік өмір кешіп, бір деңгейде
болса, ол кезде мазхабтардың бірігуі мүмкін. Алайда, қазіргі әлемнің мына
жағдайы оған қолайсыз болғандықтан мазхабтар да әртүрлі болмақ.

Қорытынды: Бір судың табиғаты бес түрлі науқасқа қарай бес түрлі үкімі
болады. Мәселен, біреуге ауруының түріне байланысты су ішу шипа
болатындықтан медицина тұрғысынан оған уәжіп. Енді біреуге ауруына
орай су ішу қауіпті болғандықтан медицина тұрғысынан харам. Басқа
біреуіне азғана зияны бар, медицина тұрғысынан оған мәкрүх. Ал, енді
біреуге еш зияны жоқ тіпті пайдалы, ем тұрғысынан оған сүннет. Басқа біреуге болса зиян да емес пайда да бермейді, қалағанынша ішсін, ем
тұрғысынан оған мүбах. Міне хақ осы арада бірнешеге айрылды. Бесеуі де
хақ. Сен: "судың тек емдік қасиеті бар, олай болса уәжіп, ішу шарт, оның
басқа үкімі жоқ" дей аласың ба!

Ескерту: Иджтихад қылуға болады, бірақ мына заманда оған кедергі болар
"біренеше бөгет" бар.
Біреуі мынада: Қалайша қысты күнгі боранда, аязды күні кішкентай са­ңылау, тесіктерге дейін жауып, тығындап тастайды. Жаңадан есік салу қай
жағынан болса да ақылға қонбайтын әрекет. Сондай­ақ, су тасып, топан
болған кезде жөндеймін деп жарларды тесу суға кетуге бірден­бір себеп.
Дәл сол сияқты харам нәрселер мен ғайрымүслимдердің әдет­ғұрыптары
батпандап ене бастаған мына заманда және бидғалардың көбейіп, дінсіз­
діктің етек алған кезінде, зәулім сарайдай дін Исламға "иджтихад" атымен
жаңадан есіктер мен тесіктер салу, қорғаннан дұшпандардың кіруіне
мүмкіндік беретін саңылаулар ашу, әрине бұл Ислам дініне жасалған
қиянат болмақ.


Сөздер-541 бет

rebrand.ly/idjtihat


61 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Қалайша пенделердің түкке тұрмайтын іс-әрекеттері мен күнәлары бүкіл әлемнің ашуын келтіруі мүмкін?

Жауап: Алдыңғы рисалелер мен ишараларда…

Görüntüle

Періштелерге иман

Періштелердің болмысына сену иман…

Görüntüle

Ғайбат туралы

Біреудi  жамандау  айып …

Görüntüle