Тәсәттүр туралы

Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни табиғи әрі оны жаратылысы талап етеді. Өйткені, әйел заты әлсіз әрі нәзік. Сондықтан өзін және жанындай жақсы көретін балаларын қорғаштайтын ер кісінің жәрдеміне мұқтаж. Ол өзін оған сүйсіндіруге, жиіркендірмеуге, ыңғайсыз жағдайға қалмауға тырысады. Сонымен қатар, он әйелдің алты-жетісінің жасы ұлғайған, не көріксіз. Мұнысын, әрине әркімге көрсеткісі келмейді, не болмаса қызғаныш сезімімен өзінен артық сұлудың қасында көріксіз боп қалмауы үшін, не болмаса намысын бөтен біреуге таптатпай сақтану үшін, немесе күйеуінің алдында қиянатшыл ретінде айыпталмауы үшін оның табиғаты тәсеттүрді яғни жабылып жүруді қатаң талап етеді. Тіпті, байқап қарасаң, жасы ұлғайған әйелдер өзін көбірек тұмшалап, орамал тартқыш келеді. Он әйелдің тек екі-үшеуі ғана әрі жас, әрі сұлу, әрі өзін көрсетуден тайсалмайды.

Адам өзі сүймейтін, жақтырмайтын кісінің алдында мазасызданып, қолайсыз күйге түсетіні мәлім. Әлбетте, ашық-шашық киінген көрікті әйел, өзіне көз тіккен бөтен он кісінің екі-үшеуіне оң қараса, қалған жетісегізінен ыңғайсызданады. Сондай-ақ, ар-намысты, салиқалы көрікті әйел, нәзік әрі сезімтал болғандықтан іс жүзінде, әрине бөтен көздерден қысылып қымтырылады.

Естуімше, әлем-жәлем киіну кең тараған Еуропа елдерінде көптеген әйелдер әлгіндей сұқтана қараудан ыңғайсызданып, “мына азғын немелер бізді көзбен атып, қайда барсақ та сығалап мазамызды алып болды” деп полиция қызметкерлеріне шағым айтады екен. Демек, мәдениеттің тәсәттүрге қарсы шығуы орынсыз әрі жаратылысқа керағар. Ал, Қасиетті Құранның тәсәттүрді әмір етуі өте орынды да жарасымды. Мейірімділіктің қайнар көзі әрі өмірлік серік болатын қадірменді әйел затын тәсеттүр арқылы азғындаудан, намысының тапталуынан, рухани қаналудан сақтайды. Әйелдің бойында бөтен ер кісілерге деген қорқыныш, үрей сезімі бар. Қорқу табиғи түрде тәсеттүрді қажет етеді. Өйткені, сегіз-он минуттык зауықты, ауыр азапқа айналдыратын, сегіз-тоғыз ай жүк көтеру, әкесіз баланың тәрбиесімен сегіз-тоғыз жыл бойы айналысу, әлгі сегіз-тоғыз минуттық заңсыз зауықтың жазасын тарту қаупі бар. Бұндай келеңсіз көріністер көп кездесетіндіктен әйелдің нәзік жаратылысы бөтен еркектерден зәресі қалмай қорқады. Табиғаты сақтануды бұйырады. Нәзік жаратылыстары оларға тәсеттүр пайдалануын, басқаларға бөтен ой туғызбауын, жауыздықтарына жол бермеуін қатаң түрде ескертіп отырады. Сақтанудың жолдарының бірі, бекініс қамалы тәсеттүр екенін көрсетеді.

Алайда қашанда нәпсіні қоздыратын ашық-шашықтық, сезімі ояу, тез әсер алғыш, ауа-райы ыстық елдің адамдарын, қисық жолға түсуге, ысырапшылдыққа, ұрпақтың әлсіреуіне, сондай-ақ, қуаттың кемуіне бірден-бір себеп болады. Бір айда немесе жиырма күнде бір рет фытри (табиғи) қажеттілік болатын болса, енді бірнеше күн өтпей-ақ ысырапқа мәжбүрмін деп ойлайды. Мұндайда айына он бес күн бойы хайыз сияқты кедергілердің салдарынан әйелінен алыстауға мәжбүр болған ер кісі, егер нәпсісін жеңе алмаса, теріс жолға түсуі әбден мүмкін.

Қалалық әйелдер, ауылдық жердегі шаруа әйелдерге қарап, тәсеттүрді тастауына болмайды. Өйткені, ауылдық жерде күн көріс, шаруашылық жұмыстары сияқты денемен атқарылатын істер адамды шаршатады, сонымен қатар қалалық әйелдерге қарағанда өзіне көп назар аударта бермейтін біршама тұрпайылау бейкүнә шаруа әйелдердің ептеп ашық болуы нәпсінің әуестігін айтарлықтай қоздырмауы мүмкін. Ауылдық жерде сандалып бос жүретін, азғындар аз болатындықтан қаладағы келеңсіз жайттар ауылдық жерде сирек кездеседі. Олай болса, олармен салыстыруға келмейді.

Естуімше, астанада, жаңа өкімет орталығында, базардың ішінде, тапатал түсте, жұрттың көзінше өте міскін бір аяқ киім тазалаушысы дүниеге танымал, жоғары мәртебелі бір адамның балтыры ашық жұбайына асылып “шапқыншылық” жасапты. Міне, бұл тәсеттүрге қарсы кісілердің қалың беттеріне бір шапалақ болса керек.

Отбасының бақытты өмір сүруі үшін әйел мен еркек арасында шынайы сүйіспеншілік, адалдық, сенім мен құрмет болуы тиіс. Тәсәттүр пайдаланбау, ашық-шашық киіну сенімсіздік туғызады. Екі жақтың шынайы құрмет пен махаббатын кемітеді. Өйткені, ашық-шашық киінген он әйелдiң тек бiреуі ғана күйеуінен әлдеқайда сымбатты біреуді көрмегендіктен басқаға жақсы көрінуге тырыспайды. Ал, тоғызы күйеуінен әлдеқайда жақсысын көреді. Жиырма еркектің тек біреуі ғана әйелінен артық сұлу көрмейді. Мұндайда адал махаббат, екі жақты сыйластық жойылады. Мұнымен тынбай өте жағымсыз да жиіркенішті сезімнің оянуына себеп болуы мүмкін. Яғни адамда өзінің апасына, қарындасына, туысқан әйел затына яғни, махрем (үйленуге болмайтын) кісілерге табиғатында шәһуаттық сезім болмайды. Өйткені, махрем кісілердің бет-әлпеті туысқан екенін білдіріп оған мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жанашырлықты сездіретіндіктен нәпсіге тән, шәһауани құмарлықты жойып жібереді.

Алайда, шариғат бойынша туысқандарға да көрсетуге болмайтын балтыр секілді мүшелерін ашу, азғын нәпсінің құмарын, тым ұсқынсыз, жиіркенішті сезімін оятуы мүмкін. Махремнің жүзі туысқан екенін білдіреді, басқаға ұқсамайды. Бірақ ашық балтыр махремдікі ме, басқанікі ме белгісіз. Туысқандықты (махремділікті) білдіретін өзгешелік белгісі болмағандықтан кейбір азғын бірақ өзара махрем жандардың бір-біріне жануарға тән әуестігін оятуы мүмкін. Ал, мұндай іс төбе шашты тік тұрғызатын сұмдықтың нақ өзі.

#Тәсәттүр.Рисалесі


291 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Ұстаз Кастамонуда

Бәдиүззман Саид Нұрси Ескішеһир…

Görüntüle

Шүкір дәрісі

بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ…

Görüntüle

Адамның 20 күлли ақиқаты

Мынаны көзімізбен көріп, ақылымызбен…

Görüntüle