Рақым, шәпқат кімде бар?

Уа, ғапыл Саид! Байқа!

Сезім алданып фәни дүнияны мәңгі бақи деп ойлап қалма! Айналаңа, дүнияға қарағаныңда біршама тұрақтылық көргендіктен
алданып, өзіңнің де фәни екеніңді ұмытып, мәңгі жа-
сайтындай сезінесің. Сосын шығар қиямет күніне дейін
өмір сүретін адамдай тек қиямет қайымнан қорқасың.
Есіңді жи! Сен де, айналаңдағының бәрі де өтпелі дүние,
лезде аяқталып қалатын нәрселер. Сені әлгіндей жаңсақ
сезім билегенде мына бір мысалға ұқсайсың: Бір адам
қолындағы айнасын бір үйге не бір қалаға не бір бақшаға
қарай бағыттаса айнадан олардың көріністері көрінеді.
Егер айна әлдебір себептен сынып немесе жерге түсіп кет-
се әлгі айнадағы көрініс де қирап жоқ болады. Бірақ айна-
дан тыс кәдуілгі үй мен қала аман-сау, бәз қалпында тұра
береді. Оның адамға түк пайдасы жоқ. Өйткені, айнадағы
қала да, үй де, бақша да айна арқылы және оның көлеміне
қарай көрінетін.
Сол секілді сенің өмірің айна секілді. Дүнияңның тірегі,
оны көрсетіп тұрған айна сенің өмірің, кеудеңдегі жаның.
Ал ол кез келген уақыт қирап, үйің де, қалаң да, бақшаң
да қурап қиямет болуы бек мүмкін. Олай болса, өткінші
өміріңе, жалған дүнияңа көтере алмайтын ауыр жүктерді
жүктеме!

Біліп қой!

Маңызды да, қымбат нәрселерді дәл сол қалпында қайта жарату Фатыр-ы Хакимнің бір әдеті. Яғни, көптеген нәрселер қайта
жаратылып, жаңарып, жыл мезгілдері секілді қайталанып, ғасырлар өзгергенде әлгі қымбат, маңызды нәрселер қазқалпында қайтадан жаратылады. Күндердің, жылдардың және ғасырлардың оралып, қайта жаратылуында осы
заңдылық қатаң сақталуда. Бұл заңдылық бізге мынаны
меңзейді: Дүния ағашының ең қымбат әрі маңызды
жемісі, бүкіл әлемнің ең қадірлісі және әрқайсысы жан-
жануарлардың бір түріне тең келетіндей құрметті адам
баласы қиямет күні жеке-жеке, қаз қалпында өз денесімен,
өз аты жөнімен, өз бейнесін қайта жаратылмақ.

Он жетінші Лема («Зүхра» атты жазбадан алынға Он бес «Нота»)


73 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Хақ біреу бола тұра, қалайша төрт яки он екі мазхаб пайда болады әрі үкімдері әртүрлі, бірақ бәрінікі дұрыс һәм хақ болады?

Заманға қарай шариғаттар өзгереді.…

Görüntüle

Сияры нәби туралы

Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссаламның…

Görüntüle

Әһл-и бейт және Имамдық

Имамдық мәселесі негізгі мәселе…

Görüntüle