Нәзік жандылар қауымына хат

Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз жүрсем дағы кейбір нұршы достарым мен қарындастарымның өтініштерін қимай дүниеге назар салдым. Әңгімелескен көп достарымның отбасы үстiнен шағым айтқандарын естіп, “әттеген-ай” дедім. “Адамның, оның ішінде мұсылманның қорғаны, сондай-ақ, Жәннаты әрі шағын дүниесі – оның отбасы еді. Бұл да бұзылайын дегенi ме?” деп, қынжыла отырып, себептерін іздестірдім. Мұсылмандардың әлеуметтік өміріне, сол арқылы Ислам дініне зиян келтiру үшін жастарды адастыру, олардың албырттығын пайдаланып, азғындыққа итермелеу мақсатымен бейшара әйелдердің түсінігі таяз бөлігін бұрыс жолға салу үшін бір-екі жасырын ұйымның екпінді түрде жұмыс жүргізіп жатқанын және Ислам әлеміне тиген мына екпінді соққы сол жақтан келіп жатқанын білдім.


Менің сендерге, яғни, қарындастарыма, жастарға, мағынауи балаларыма айтарым: Әйел затының ақыреттегі бақыты сияқты бұл дүниедегі бақыты да, сондай-ақ, бойларындағы асыл адамгершілік қасиеттерді бұзбай сақтап қалудың бірден-бір жолы – Ислам қағидаларын қадiрлеп, діни тәрбие алу. Басқа жолы жоқ. Ресейдегі бейшара әйелдердің қандай күйге түскендерін білетін боларсыңдар. Рисалей-Нұрдың бір жерінде былай деген болатынмын: “Ақылы бар адам, жұбайына деген махаббатын оның бес-он жылдық фәни келбетіне арнамайды”. Әйел әсемдігiнiң сыры, ең ұзақ сақталатын сұлулығы оның мейiрiмдiлiгi. Әйелге тән биязылығы мен инабаттылығы. Әйел затының бойындағы осы қасиеттер күйеуінің оған деген махаббатының іргетасы болуы керек. Сонда ғана, бейшара әйелі қартайса да жұбайының оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткені, оның жұбайы тек мына дүниедегi серігі емес, бақи өмірде де мәңгілiк сүйіктісi. Сондықтан, қартайған шақтарында да бір-біріне деген сүйіспеншіліктері, құрмет пен мейірімдері одан сайын арта бермек.

Қазір хайуанға тән өткінші жұптасудан кейін мәңгілік көрмеске айырылуымен тынатын “мәдени тәрбие” деп айдар таққан отбасылық өмірдің тынысы тарылып, мүлдем шырқы бұзылуда
Рисалей-Нұр бұл тұрғыда “бүгiнде отбасының фәни дүние мен ақыретте бақытқа бөленуінің, сондай-ақ әйел бойындағы құнды қасиеттердің дамуының бірден-бір жолы шариғат шеңберіндегі Ислам әдет-ғұрпын сақтау болып табылады” дейдi.

Отбасындағы маңызды түйін: Егер әйел күйеуінен жамандық немесе опасыздық көрсе, оған ерегісіп әйелдің отбасындағы міндеті болып табылатын адалдық пен сенімділікті бұзса, әскердегі тәртіптің бұзылуы сияқты отбасының да құты қашады. Ондайда әйел қолынан келгенше күйеуінің қатесін жөндеуге тырысуы қажет. Сонда ғана мәңгілік серігін құтқарып қалады. Әйтпесе, ол да ашылып-шашылу арқылы басқаларға жақсы көрінуге тырысса, азапты зардап шегеді. Өйткені, адалдықты аттаған адам фәни дүниенің өзінде-ақ жазасын тартады. Әрі оның нәзік жаратылы-сы бөгде жандардан қорқып, ыңғайсызданады. Бөгде жиырма ер адамның он сегізінен қысылады. Ер адам болса, бөтен жүз әйелдің тек біреуінен қысылып, қарағанынан ыңғайсызданады. Әйел бұл тұрғыда азап шеккенімен қоймай, опасыз ретінде айыпталып, әлсіз, нәзік болғандықтан ақысын да ала алмайды.

Сонымен, әйелдердiң мейірімділігi мен қаһармандығы, ықыласы еркектерге ұқсамайтыны сияқты, еркектердің қаһармандығы оларға жетпейді. Сол сияқты әлгі бейкүнә әйелдер азғындық жағынан еркектерге жете алмайды. Олардың нәзік жаратылыстары бөгде адамдардан қатты қорқады. Жаулығына жасырынуға нәзiктiгi мәжбүр етеді. Өйткені, ер адам сегіз минөттық зауық пен ләззатқа бату үшін азғындыққа салынса, тек сегіз теңге шамасында бір нәрсе жоғалтады. Алайда әйел, сол сегіз минөттық азғын зауықтың жазасы ретінде тоғыз ай бойы ауыр жүк арқалайды, одан кейін де сол әкесіз баланы тәрбиелеу машақатын тартады. Демек, бұл тұрғыда еркектерге теңесе алмай, олардан жүз есе артық жаза тартады.

Өмірде көп кездесетін мұндай оқиғалардың бізге берер тәлімі: Мүбарак әйел қауымы жаратылысынан асыл мінез-құлықтың қайнар көзi. Ал, пасықтыққа, азғындыққа, дүниелік зауыққа келгенде қабілетсіз. Демек, олар Ислам тәрбиесі төңірегінде бақытты шаңырақ құруға арналған мүбарак жаратылыс. Осы мүбарак, адал жандарды бұзушы ұйымдарды жер жұтсын! Аллаһ Тағала осы қарындастарымды, мағынауи қыздарымды әлгіндей есалаңдардың пәлесінен сақтасын! Амин...
Айналайын, қыздарым! Сендерге айтарым, күн көру үшін опасыз, нашар мінезді, батысқа еліктеуші күйеудің билігіне кіріптар болмай-ақ, бойларыңдағы құнттылық пен қанағатты пайдаланып, өз күштерімен де күн көре алатын ауылдың бейкүнә әйелдері сияқты, сендер де шыдап бағыңдар, өз абыройларыңды сақтауға тырысыңдар. Егер лайық емес күйеуге тап болсаңдар, жазмышқа разы болып қанағат қылыңдар. Иншаллаһ ризашылық пен қанағат саясында ол да жөнделіп, түзу жолға түсер. Әйтпесе, ажырасу үшін сотқа барасыңдар. Ал, бұлай ету Исламның абыройына, халқымыздың намысына тиетін жат қылық.

#24-лема,2-нүкте.


58 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Жәһәннам қай жерде?

قُلْ اِنَّمَا الْعِلْمُ عِنْدَ…

Görüntüle

Миғраж сыры

ЕСКЕРТУ: Миғраж мәселесі иман…

Görüntüle

Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық…

Görüntüle