Керемет бір мінәжат

О, Мейірімді де Рахымды! О, уәдесіне берік, өте Сенімді! О, қиямет күнінің әміршісі, дін күнінің иесі!

Сенің Расулуллаһ ғалейһиссәлату Уәссәламыңның тағлымы және дана Құраныңның басшылығымен түсінгенім:

  • Әлемнің ең таңдаулы нәтижесі тіршілік екен. Ал, тіршіліктің ең таңдаулысы, мәнісі рух екен. Және рух иелерінің де ең таңдаулысы саналы жандар екен. Және сол саналы жандардың толыққанды, кәмілі Адамзат екен.
  • Күллі әлем, болмыс атаулы тіршілікке байланысты болып сол тіршілік үшін қызмет етіп, сол үшін зыр жүгіреді. Тіршілік иелері рух иелеріне бағынышты болып дүниеге солар үшін жіберілуде. Жан жануарлар адамдарға бағынышты болып соларға тәуелді түрде пайда келтіреді.
  • Әрі адамзат табиғаты бойынша өзінің Жаратушысын шынайы түрде жақсы көреді және Жаратушы Иесі де оларды жақсы көреді әрі өзін оларға әрбір ісі арқылы жақсы көргізеді. Және де адамзаттың қабілеттері мен рухани мүмкіндіктері бұл дүниеден басқа мәңгі бір әлеммен, соңсыз бір тіршілікпен тығыз байланысты екені байқалады. Ол бақилықты аңсайды, оның жүрегі мен санасы мәңгілікке құштар, тілі де сансыз дұғалармен Жаратушысынан мәңгілік сұрап жалбарынады. Ендеше, әлбетте және қалай болғанда да, өзі өте жақсы көріп сүйген, сүйікті де сүйкімді болған адам баласын Жаратушысы қайта тірілместей өлтіріп, мәңгіге жоқ қылып жіберіп, оны әу баста мәңгі бақи махаббатпен жарата тұра мәңгі бақи дұшпанына айналдырып, қатты ренжіте алмайды және олай істеуі әсте мүмкін емес.
  • Ақиқатында, адамзат басқа мәңгі бір әлемде бақытты өмір кешуге, осы дүниеде қызмет қылып, бақи дүниеде мәңгі бақытқа қауышу үшін жіберілген. Сондай-ақ, адам бойында шағылысқан Иләһи есімдердің мына өткінші де қысқа өмірдегі көріністеріне үңіле қарасаң о дүниеде әлгі есім сипаттарға айна болған адамдардың мәңгі нұрға бөленетіндерін байқауға болады.

Иә, мәңгіліктің адал досы да мәңгі болмақ. Әрі Бақидың саналы айнасы да бақи болуы тиіс.


182 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Табиғат жаратушы ма әлде жаратылған ба?

Уа, адам! Халық арасында күпірліктің…

Görüntüle

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың…

Görüntüle

Алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани…

Görüntüle