Ирһасат туралы

Ирһасат деп аталатын, пайғамбарлық міндеті жүктелмей тұрғанда пайғамбарлығымен қатысты кәраматтары да пайғамбарлығының дәлелі болып табылады. Бұл да үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім: Тәурат, Інжіл, Зәбур және кейбір әнбияларға түскен
парақтардың Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығы
жайында берген хабарлары. Ол туралы Құранда айтылған. Ол кітаптардың Аллаhтан келгені рас. Әлбетте ол кітаптардың иелері пайғамбарлар екеніне шүбә жоқ. Олай болса олардың діндерін жаңартқан, әлемнің кейпін өзгерткен, жер шарының жартысын өзі әкелген нұрымен нұрландырған бір Кісі (с.а.у) жайлы сөзсіз хабар беруі қажет әрі міндетті. Иә, қарапайым оқиғалардың өзін хабарлаған әлгі кітаптар, адамзат тарихының ең үлкен оқиғасы Мұхаммед Ғалейhиссалату Уәссәләмнің пайғамбарлығын хабардан
тыс қалдыруы әсте мүмкін емес? Әрине олар хабар берген. Я өтірікке
шығарып діндерін бұзылудан, кітаптарын жойылудан құтқарған болуы
керек не болмаса туралығын растап сүйіншілеуі керек. Олар сол ақиқатшыл
Кісі (с.а.у) арқылы ғана өз діндерін адам нанғысыз аңыз-ертегілерден,
өзгеріске ұшыраудан сақтап қалады. Алайда, дос түгілі дұшпанның өзі
мақұлдаған Ол Кісінің (с.а.у) пайғамбарлығын өтірікке шығаратын бірде-
бір сөз еш бір кітапта жоқ. Олай болса, растау бар. Әлбетте растауды керек
ететін себеп пен салдар жеткілікті.

ЕКІНШІ БӨЛІМ: Ирһасат және Пайғамбарлықтың дәлелдері
баяндалады. Мұны баяндаудағы мақсат мынау: Ахмедтің пайғамбар
болатынын көріпкелдер мен сол заманның өзіндік әулиелері және Құдайды
таныған жандар алдын ала хабар берген. Тіпті, жазбаша түрде өлең қылып
кейінгі ғасырларға білдіріп кеткен. Ондай хабарлар өте көп. Біз қазір
тарихшылар мен Нәбидің (с.а.у) өмір баянын жазушылардың баяндаған
және дұрыстығы расталған әйгілі бірнешеуін баяндаймыз.

Үшінші бөлім: Ирһасат деп аталады. Расулуллаh Ғалейhиссалату
Уәссәләм туылған кезінде орын алған Пайғамбарлыққа дәлел ретінде
керемет оқиғалар. Бұл оқиғалар, Оның (с.а.у) дүниеге келген кезіне жақын
тарихта болған. Сондай-ақ, Пайғамбарлығы басталмай тұрғанда болған.
Бұлар да Оның (с.а.у) мұғжизасы боп саналады. Мұндай оқиғалар өте
көп. Мысал ретінде әйгілі болған және хадис имамдары қабыл көрген,
дұрыстығы дәлелденген бірнешеуін баяндаймыз.

Мысалға: Төрт имам сеніп хадис алған танымал Абдуллаh ибн
Әмір ибн Астың немересі Әмір ибн Шуайбтан, шүбәсіз хабарлармен мынаны білдіруде: Пайғамбарлық келместен бұрын, Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссәләм немере ағасы Әбу Талибпен бірге түйеге мініп Арафат төңірегінде Зилhижаз дейтін жерге барған уақытта Әбу Талиб: “Мен шөлдедім” депті. Расулуллаһ Ғалейhиссалату Уәссәләм түйеден түсіп, аяғымен жерді теуіп қалғанда су шыққан екен. Әбу Талиб шөлін әбден қандырыпты. Мухаққиқин бір кісі былай деді: Бұл оқиға пайғамбарлықтың басталуынан бұрын болғандықтан, Ирһасат түрінде болуымен бірге, мың жылдан кейін дәл сол жерден Арафат бұлағының шығуы, сол оқиғаға байланысты Мұхаммедтің (с.а.у) бір кереметі болып саналады.


140 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Тәсәттүр туралы

Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни…

Görüntüle

Демократия һаққында сұрақтар:

    Демократиядағы еркіндікті…

Görüntüle

Пайғамбарды көргендер мен көрмегендер бір бола ма?

Сұрақ: Сахабалар Пайғамбарымызды…

Görüntüle