Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге бола ма?

Сұрақ: اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ اَحَبَّ сыры бойынша "Жәннатта әркім өз сүйгенімен бірге болады" делінген. Алайда қарапайым бір бәдәуи араб, әз Пайғамбармен бір­ақ минут сұхбаттасып Аллаһ үшін оған махаббаты оянған болса, енді сол махаббаты үшін жәннатта пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уасәлламның жанында болуға тиіс. Сонда қалай шексіз нұрға бөленген Расул­і Әкрем саллаллаһу аләйһи уасәлләмнің нұры, оның жоғары мәртебесі жәй қарапайым бір бәдәуидің нұрымен, дәрежесімен қалайша тең болады.

Жауабы: Бұл терең ақиқатқа мына бір мысал арқылы ишара қыламыз:

Өте тамаша, керемет бір бау­бақшада абыройы үстем жомарт біреу үлкен қонақасы беріп, өте тамаша бір демалыс орнын әзірлеткен екен. Дастархан тіл үйірер сан­алуан тәтті тағамдармен жайнап тұр, неше түрлі ләззаттың бәрі бар һәм көрерге көзі барларға арнап таң­тамаша әшекеймен безендірілген һәм қиял­ойды рахаттандырар бүкіл таңғажайыпқа толы, тағысын тағы... ішкі­сыртқы сезімді толық қанағаттандыратын, көңілді жайлайтын бәрі бар­ау бәрі. Енді, екі дос бір бөлмеде, бір дастархан басында бірге отырады. Бірақ біреуінің дәм сезу қабілеті нашар болғандықтан азғантай ғана қызық көріп, шамалы ләззат алады. Көзі де нашар көреді екен, мұрны да иісті дұрыс сезбейді. Таңғажайып өнерден көп түсіне бермейді екен. Кереметтерге аса мән бермейді. Сол бір керемет әсем саябақтағы серуен жайдан, манағы берекелі дастарханнан мыңнан тіпті миллионнан бір бөлігін ғана қабілетінің шама­шарқынша қызықтап пайдаланады. Қасындағы адам болса, бүкіл ішкі­сыртқы сезімдері, ақылы, ой­өрісі, көңілі, сыры, мөлдір сезімдері толық жұмыс істеп, кемелденгені сонша әлгі әсем жайдағы барлық нәзіктікті, көз тоймас сұлулықты, көркем сұлу таңғажайыптарды жаппай жеке­жеке тамашалап, толық сезіне түрлі­түрлі ләззатына бөленсе де бағанағы досынан бір елі ажырамай қасында отыр.

Демек, мына аласапыран әрі тар қапастай дүниеде осындай жағдайлар болып, ең үлкен мен ең кішкентай нәрсе бір қатарда тұрса да араларында жер мен көктей айырмашылық болады екен. Олай болса, әлбетте мәңгі бақыт мекені болған жұмақта да жоғарыда айтылғандай, дос­досымен бірге бола тұра әрқайсысы қабілетіне қарай Рахман­ур Рахимнің дастарханынан қабілеттерінің шамасына қарай өз үлестерін алатын болады. Жәннаттағы тұратын мекені бөлек болса да бірге болуларына ешқандай кедергі туғызбайды. Өйткені, жәннаттың сегіз қабаты бір­бірінен биік, біріненбірі асып түссе де барлығының ортақ төбесі, яғни, шатыры Арш­ы Ағзам болып табылады.

Мысалға, төбесі шошақ пішіндес яғни конус тәрізді бір таудың айналасында бір­бірінің ішіне орналасқан, бірақ бір­бірінен биік, етегінен бастап сонау ұшар шыңына дейін қорған іспеттес бітіскен шеңберлері болса, бұл шеңберлер бір­бірінің үстіне орналасқанымен өзара Күннің сәулесін алуға бір­біріне кедергі болмайды, бірінен­біріне өту оңай, бір­бірімен тығыз байланысты. Дәл сол секілді жәннаттар да осы тәріздес екенін хадистердегі түрлі риуаяттар ишара қылады.

28-сөз 3-сұрақ.


212 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

МҰХАММЕД (С.А.У) мұғжизалары түрлері

Хазреті Мұхамедтің (с.а.у) мұғжизалары…

Görüntüle

Хадистер және Тәуәтур

укути», яғни, үндемеу арқылы қабылданған.…

Görüntüle

"Құран Хакимнің сырлары білінбейді, тәпсір жазушылар оның ақиқатын түсінбеген" дейтін пікірдің екі жағы бар.

Оны айтушылар да екі топқа бөлінеді.…

Görüntüle