Дарулхикметте жүргенде сезінген рухани толғанысқа толы бір хат:

Осыдан отыз жыл бұрын, Бұрынғы Саидтің бейқам басына қатты соққылар тиді, «әл-мәуту Хаққун» үкімі жайлы ойлады. Ол өзінің ұйыққа батқанын көрді. Медет сұрады, жол іздеді, құтқарушы қалады. Байқаса, жолдар әртүрлі, абдырап қалды. Ғаус Ағзам Шейх Гейланидің (р.а.) «Футух-ул-Ғайб» атты кітабын ашып, бағдар іздегенде:

اَنْتَ فِى دَارِ الْحِكْمَةِ فَاطْلُبْ طَب۪يبًا يُدَاو۪ى قَلْبَكَ

шықты.

Бір ғажабы, сол кезде мен Ислами Хикметтер Орталығының мүшесі едім. Өзімше мұсылмандардың жараларын емдеуге тырысқан бір дәрігер едім. Ал шындығында, ең ауыр науқас өзім болатынмын. Науқас жан әуелі өзін емдеуі, сонан кейін өзге науқастарға қарауы керек қой. Хазреті Шейх маған былай деді: «Сен өзің науқассың, өзіңе емші ізде!» Мен: «Сен емшім бол!» -дедім. Өзімді оның тыңдаушысы деп санап, ол кітапты маған арнап сөйлеп жатқандай оқыдым, алайда кітабы өте қатаң еді. Менмендігімді аяусыз соққылауда болатын. Нәпсіме адам төзгісіз ота жасады. Шыдай алмадым, жартысына дейін өзімді оның тыңдаушысы етіп оқыдым, бітіруге төзімім жетпеді. Ол кітапты сөреге қойдым. Дегенмен кейін, шипалы отадан туындайтын ауырсынулар кетті де, рахаттанып қалдым. Сол бірінші ұстазымның кітабын кейін толық оқып шықтым және көп пайдасы тиді. Оның зікірі мен мінәжатын тыңдадым, өте пайдалы рухани нәр алдым. Кейін, Имам Раббанидің Мектубат кітабын көріп, қолыма алдым. Таза ниетпен аштым. Ғажабы сол, бүкіл “Мектубатында” тек екі жерде «Бәдиуззаман» сөзі бар. Сол екі хат маған бірден ашылды.

Сол хаттардың басында «Мирза Бәдиүззаманға Хат» дегенді көрдім. Әкемнің аты Мирза болғандықтан, «Фәсубханаллаһ!» дедім, бұл маған айтып жатыр. Ол кезде Бұрынғы Саидтің бір лақабы «Бәдиүззаман» болатын. Ал һижраның үш жүзінші жылындағы Бәдиүззаман Һамаданиден басқа ондай лақаб атпен мәшһүр болған адамдарды білмеуші едім. Алайда, Имамның заманында да сондай бір адам болған екен де, әлгі екі хатты соған жазыпты. Ол кісінің халі, менің халіме ұқсайды екен. Әлгі екі хатты өз дертіме дауа деп білдім. Имам сол хаттарында және басқа да көптеген хаттарында қайтақайта былай өсиет етеді: «Қыблаңды Таухид қыл!» яғни: «Біреуді ғана ұстаз тұт, соның артынан ер, басқалармен шұғылданба!». Осы ең маңызды өсиеті, менің қабілетім мен рухани ахуалыма үйлеспеді. «Мынаның артынан кетейін бе, әлде ананың ба, болмаса келесі біреудің соңынан ерейін бе?» деп сан рет ойландым. Тығырыққа тірелдім. Әрқайсысының әр түрлі тартымды қасиеттері бар еді. Тек біреуіне қанағат ете алмадым. Тығырыққа тірелген кезімде, Хақ Тағаланың мейірімімен көңіліме «Бұл әртүрлі жолдардың басы және бұл жылғалардың көзі, мына ғаламшарлардың күні – Құран Хаким, нағыз қыбланы таухид қылу сол болады. Ендеше, ең үлкен мүршид, ең киелі ұстаз да Сол» деген ой келді. Соған жабыстым. (Сілтеме*)

Сілтеме*: Жазбаның аяқ жағында: «Кемшін, қолынан көп нәрсе келмейтін қабілеттерім әрине ол ұлы ұстаздың (құранның) өмірге нәр берер фейзін ала алмайды. Бірақ әулиелердің дәрежелеріне қарай, сол фейздермен өмірге нәр берер сыйлықтарды көрсете аламыз. Демек Құраннан жеткен «Сөздер», «Нұрлар» тек қана ақыли мәселер емес. Жүрекке, рухқа, болмысқа әсер етер имани мәселелер және Аллаһты түсіндірер аса құнды нәрселер» дейді


77 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Еркек пен әйел міндеті

Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік,…

Görüntüle

Рухтар әлемі

بِاسْمِهِ سُبْحَانَهُ وَاِنْ مِنْ…

Görüntüle

Адамның 20 күлли ақиқаты

Мынаны көзімізбен көріп, ақылымызбен…

Görüntüle