Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық арасына тарала түскенін
және иман мен Исламияттың күш ала бастағанын түсінген дін
дұшпандары «Бәдиүззаман жасырын ұйым құруда, режимге қарсы,
қазіргі режимнің іргетастарын қиратуда
» деген жалалы арыздармен
үкіметті алдап, үрейге салады. 1935 жылы Ескішеһир қылмыстық
істер Соты Бәдиүззаманды өлім жазасына кесу мақсатында және бұл
үкім міндетті түрде орындалсын деген нұсқаумен Бәдиүззаман Саид
Нұрсидың үстінен іс қозғайды.

Осы мақсатта Ішкі істер министрі мен Ішкі әскерлер Бас
қолбасшысы арнайы жасақталған бір рота әскермен Спартаға келеді.
Спарта-Афион жолының бойына атты әскер жасақтарын тізіп қояды.
Спартаның және көршілес аймақтардағы әскери бөлімшелердің
барлығында дабыл қағылып, бәрі де сайланып тұрады. Таң сәріден
Бәдиүззаманды шәкірттерімен қоса, қолдары кісендеулі күйінде
машиналарға отырғызып, Ескішеһирге жөнелтеді. Жолда арнайы
жасақ командирі Бәдиүззаманға құрметпен қарап, кісендерін
шешкізіп қояды. Намаз оқуларына кедергі жасамайды.

Ақиқатқа көзі жетіп, Бәдиүззаманның кінәсіз екенін түсінген
арнайы жасақ командирі Бәдиүззаман мен шәкірттерінің досына
айналады.
Жүз жиырма шәкіртімен бірге Ескішеһир түрмесіне жеткізілген
Саид Нұрси жалғыз адамдық камераға қамалып, өзі де, шәкірттері
де неше түрлі қиыншылықтарды басынан кешіреді. Қаншама
қиыншылықтарға тап болса да, «Отызыншы Лема», «Бірінші» және
«Екінші Шуақ» осы жерде жазылады. Қамауда отырған көптеген кісі
Бәдиүззаман осында қамалғаннан кейін нәпсілерін тыйып, дінге бет
бұрады.
Жасырын дінсіздер Спарта аймағында «Бәдиүззаман және
шәкірттері өлім жазасына кесілетін болды» деген алып қашпа сөздер
таратуда, халық арасында үрей туғызуда еді.

Бәдиүззаманның қамалуына байланысты халық көтеріліп
кете ме деп қорыққан диктаторлық кезеңнің үкімет басшысы Шығыс
аймақтарға іс-сапарға шығады.
Ал Бәдиүззаман өмір бойы тек қана заңға сәйкес әрекет етіп, бүлік
шығаруға мүлдем қарсы еді. «Бірнеше адамның қателіктері үшін
жүздеген адамның зиян шегуіне себепкер болуға болмайды» дейтін.
Сондықтан да жасалып жатқан зұлымдықтарға қарсы бір де бір
келеңсіз оқиға орын алған жоқ. Бәдиүззаман өз шәкірттерін сабыр етіп,
шыдап бағуға, тек қана иман мен Исламға қызмет етуге шақырды.

Мұндай үрейлер мен уайымдардың дінсіздердің пайдасына жарап
кететіні түсінікті. Бәдиүззаман жүз жиырма шәкіртімен бірге 1935
жылы Ескішеһір қылмыстық істер сотына жөнелтіледі.
Жазылған бүкіл рисалелер мен хаттар қолдарында тұрса да,
қылмыстық жазаға тартып, соттап жіберерліктей ешбір ілік таба
алмаған билік, қандай жаза қолдану керектігін сот төрағасының
өзіне қалдырад
ы. Ол да өз бетінше Саид Нұрсиға он бір ай, ал он
бес шәкіртіне алты айдан жаза кеседі. Жүз бес кісіге ешқандай жаза
кесілмей, ақталып шығады. Егер оларға жабылған жала расталар
болса, Саид Нұрси өлім жазасына кесіліп, шәкірттері де ұзақ мерзімге
сотталар еді. Мұндай орынсыз жазаға наразы болған Саид Нұрси,
біреудің атын ұрлаған немесе қыз алып қашқан адамға лайық он бір
айлық жазаға келіспейтіндігін жеткізеді. Өзінің не өлім жазасына
кесілуін, не босатылуын талап етеді.

Осы жерде бір ғажайып оқиғаны айтпай кетуге болмайды. Оқиға
былай болған: Бәдиүззаман түрмеде жатқан күндердің бірінде
Ескішеһирдің прокуроры Ұстазды базардан көреді.
Аң-таң болып, түрмеге келеді. Келе сала түрме бастығының
жұмыстан қуылатындығын айтып,
- Бәдиүззаманды неге базарға жібересің? Мен оны жаңа ғана базарда
көрдім ғой, деп дүрсе қоя береді.
- Жоқ, мырза. Бәдиүззаман түрмеде, тіпті, жалғыз кісілік камерада,
нанбасаңыз өзіңіз барып көріңіз.

Қараса, Ұстаз өз орнында екен. Бұл оқиға Әділет басқармасына
да жетеді. Судьялар бір біріне “Бұл қалай болуы мүмкін, миымызға
сыимайды“ дегеннен басқа шара таба алмайды. (Сілтеме * )

Сілтеме: Дәл осындай оқиға Бәдиүззаман Денізлі түрмесінде отырғанда
да болады. Халық Ұстазды таң намазында бірнеше мешіттен көреді. Мұндай
жағдай екі-үш рет қайталанады. Мұны естіген Прокурор, түрме бастығына,
Бәдиүззаманды таң намазына неге мешітке жібересің? деп, қатты ашуланады.
Анық-қанығын зерттеген кезде, Бәдиүззаманның түрмеден ешқайда
шығарылмағаны анықталады.
Ескішеһир түрмесінде тағы бір оқиға орын алады. Жұма күні, өз бөлмесінде
кітап оқып отырған түрме бастығы.
- Бастық! Бастық! деген жуан дауысты естиді. Қараса, сөйлеп тұрған
Бәдиүззаман екен.
- Бүгін менің міндетті түрде Ақ мешітте болуым керек.
- Жарайды Хазірет, деп жауап береді. Ішінен, молдекең өзінің түрмеде
отырғанын, сыртқа шыға алмайтынын түсінбейтін шығар деп, бөлмесіне
кіріп кетеді. Түс кезінде Бәдиүззаманға бір қарап қояйын, Ақ мешітке бара
алмайтындығын айтайын деп қараса, Ұстаз камерада жоқ. Қарауылдан
сұраса, «іште еді ғой, есік жабық тұр» дейді. Бірден мешітке қарай жүгіреді.
Бәдиүззаманның бірінші қатарда намаз оқып тұрғанын көреді. Намаздың
соңына қарай, ол кісіні таппай қалады. Дереу түрмеге қайтып келеді.
Ұстаздың «Аллаһу әкбар» деп сәждеге жығылғанын көріп, таң қалады. (Бұл
оқиғаны түрме бастығының өзі айтқан).


ӨмірТарихы203

rebrand.ly/omitarihi  


23 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Ғайбат туралы

Біреудi  жамандау  айып …

Görüntüle

Еркек пен әйел міндеті

Әйел мен еркек арасындағы сүйіспеншілік,…

Görüntüle

Уахи түрлері

Уахи екі түрлі болады.Біріншісі:…

Görüntüle