Тариқат және Рисалей Нұр

Сырт көріністердің арғы жағындағы ақиқатқа өтудің екі жолы бар.
Біріншісі: Тариқатқа кіріп, сәйр-сүлік арқылы әр түрлі мәртебелерден асып барып, ақиқатқа жету.
Екіншісі: Тариқат жолына соқпай-ақ, тікелей Иләһи жарылқау арқылы ақиқатқа жету. Сахабалар мен Табиғиндерге тән болған жоғарғы және қысқа жол осы. Демек, Құран ақиқаттарынан түскен нұрлар және сол нұрларға тәржіман болған Сөздер, сол ерекшеліктерге ие бола алады және соларға ие.
Сахабалардың, Табиғиндер мен Тәба Табиғиндердің арасынан ең жоғарғы әулиелік мәртебелерге көтерілген жандар Құранның нәрінен бүкіл сезімдерінің үлестерін алған. Сондай-ақ, Құран олар үшін толық жеткілікті мүршид болған. Құран Хаким, әрқашан ақиқаттарды жеткізуімен қатар, Ұлы әулиеліктің фәйізі де сонда.
Сөздердің ақиқат сабақтарын беріп қана қоймай, мүршид міндетін де атқаратынын шағын мысал арқылы көрсетеміз.
Мысал: Өзім, он емес, жүз емес, мыңдаған мәрте тәжірибелерім арқылы көз жеткізгенмін: Сөздер және Құраннан келген нұрлар, ақылыма дәріс бергені іспетті, көңіліме де имани халді орнықтырады, рухыма да иман қуатын береді. Тағысын тағы... Тіпті, дүниелік істерімде, кәрамат иесі бір шейхтің мүриді шейхінен қажетіне қатысты медет күтетіні сияқты, мен де Құран Хакимнің кәраматты сырларынан сондай медет күткен кезімде, өзім үміт етпеген, ойламаған жерден қалауым орындалды.
Екінші Мың Жылдықтың Мужадиді Имам Раббани Ахмед Фаруқи р.а. «Иман ақиқаттарынан бір ғана мәселенің ашылуы және жан-жақты түсінілуі, мен үшін мыңдаған кәраматтардан артық. Әрі бүкіл тариқаттардың мақсаты мен нәтижесі – иман ақиқаттарының ашылуы мен жан-жақты түсінілуі» деген екен. Енді, осындай тариқат қаһарманы осылай тұжырымдаған болса, әлбетте, иман ақиқаттарын жанжақты, кәміл түрде түсінікті етіп баяндаған және Құранның сырларын ашқан Рисалей Нұр, әулиелер ұмтылған нәтижелерге қол жеткізе алады
Құран Хакимнің сырларынан рухани дәрілер алынса, әсіресе тікелей қажеттілікке байланысты және рухани жараларына дауа ретінде алынған ол рухани дауалар мен Иман ілімдері өз мұқтаждығын анық сезінгендерге және шын ықласпен пайдаланғандарға жеткілікті шипа болады. Оларды сатушы және көрсетуші дәріханашы мен делдал қандай жағдайда болмасын, қарапайым болсын, кедей болсын, бай болсын, қызметкер болсын мейлі, бір бірінен көп айырмашылығы жоқ. Иә, Күн тұрғанда шырақтың жарығын пайдаланудың қажеті жоқ. Жарық іздегендерге Күнді көрсетудемін. Ендеше менен шырақ жарығын сұрау мағынасыз, қажеті жоқ. (Оның үстіне ол менде жоқ). Қайта олар маған дұға ету арқылы, тіпті желеп-жебеу арқылы көмектесулері керек. Менің олардан көмек алуыма және медет сұрауыма хақым бар. Олар, нұрлардан алған фәйізге қанағат етулері керек.


94 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани…

Görüntüle

Ұлтшылдық және Ислам

    Ұлтшылдық…

Görüntüle

Тәсәттүр туралы

Тәсәттүр әйелдерге фытри яғни…

Görüntüle