Рисалей Нұр қандай кітап ?

«Рисалей-Нұр» Құранның заманауи тәпсірі. Тәпсір екі түрлі болады. Біреуі; көпшілікке белгілі тәпсір. Олар Құранның сөз бен сөйлемдерінің мағынасын қысқаша баяндап қояды. Екіншісі; Құранның имани ақиқаттарына бұлтартпас дәлелдер келтіріп жан-жақты түсіндіреді. Міне, тәпсірдің бұл түрі өте маңызды.

Көпшілік білетін тәпсірлер бұл жағын кейде қысқа қайырады. Рисалей-Нұр болса екінші топқа жатады. Ол, Құран аяттарының нұрлы тәпсірі десе болады.«Рисалей-Нұр» нұрға толы кітаптардың жинағы. Ол жүз отыз кітапшадан тұрады. Заманауи сұраныстарды толық қамтамасыз етеді. Иманның сан-алуан дәрежедеңгейін көрсетіп, Аллаһтың бір, әрі Жалғыз, Пайғамбарлардың хақ екенін дәлелдейді.

Рисалей-Нұрдың беретін ілімі атадан қалған «көшірме иманды» қуаттандырып оны өз тұғырына мықтап бекітеді. Адамды діні қатты, иманы кәміл, білгенімен амал жасайтын мұсылман болуға тартады.

Рисалей-Нұр діннің жүзге жуық тылсым сырларын ашып Құранның ақиқаттарын жер жаһанға жаюда.Рисалей-Нұр әһлі сүннет уәл жамағаттың ұстанымына сәйкес өте күрделі мәселелерді қолға алып ара жігін ажыратып тамаша түсіндіреді. Міне, Рисалей-Нұр осы тәсілді тиімді пайдаланып Құранға қызмет етеді.





3971 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Мысал әлемі

Қандай бір нәрсе болмасын ғылыми…

Görüntüle

Тариқат және Рисалей Нұр

Сырт көріністердің арғы жағындағы…

Görüntüle

Уахи түрлері

Уахи екі түрлі болады.Біріншісі:…

Görüntüle