Рисалей-Нұр тәпсірінің авторы Бәдиүззаман саид Нұрси кім?

    1877 жылы Түркияның Битлис облысына қарасты Нұрс ауылында дүниеге келген.Пікір таласта, іліми сайыста зеректігімен үнемі жеңіске жететін жас жеткіншек замандас ғалымдары тарапынан “Бәдиүззаман” яғни заманның озығы деген атқа ие болады.

Саид Нұрси бүкіл өмірін халыққа Иман ақиқаттарын түсіндіру, иманды сақтап қалу жолына арнаған. Сол жолда мемлекеттік, саяси қайраткерлермен де етене жақын араласады. Дінге саяси жолмен қызмет етемін деп ойлады. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы әлемдік өзгерістер, бірінен соң бірі жалғасып жатқан саяси төңкерістер, Империялар арасындағы текетірестер, бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде күйреген бірнеше империя. Мұның бәрі мұсылман жұртын бей-жай қалдырған жоқ. Ислам Халифатының орталығы, Османлы мемлекеті осы өзгерістердің қайнаған ортасында еді. Османлы жерінде туып өскен Саид Нұрсиге де бұл өзгерістер қатты әсер етті.

    Дінге саяси жолмен қызмет етемін деген кезі, өзі “Бұрынғы Саид” атап кеткен өмірінің 45 жасқа дейінгі кезеңі. Одан кейінгі “Жаңа Саид“ кезеңінде саясаттан да қоғамдық өмірден де бас тартып, қалған өмірін Иман және Құран ақиқаттарын түсіндіруге арнады. Оның нәтижесі де Рисалей-Нұр тәпсірі.

Автор Урфа қаласында 1960 жылдың 23-наурыз күні, рамазан айының жиырма бесінші жұлдызы, түн ауа бақилық әлеміне аттанады.


3977 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Хазіреті Адамның халифа болуы және жәннаттан шығарылуы

Құрандағы көптеген шағын оқиғалардың…

Görüntüle

Уахи түрлері

Уахи екі түрлі болады.Біріншісі:…

Görüntüle

Әулиелер

Әулиелік – Пайғамбарлықтың бір…

Görüntüle