Неге кітаптарыңызда мысалдама, қияс,яғни, салыстыр­малы теңеулерді көп пайдаланасыз?

БіР  САУАЛ:  "Сіз  кітаптарыңызда  мысалдама,  қияс,  яғни,  салыстырмалы  теңеулерді  көп  пайдаланасыз.  Алайда,  тіл  мен  қисын  (логика)  ілімінде  ол  имани  нақтылықты  білдірмейді.  Имани  мәселелерге  қисынды айғақтар  қажет.  Мысалдамалы  қияс,  салыстыру  тәсілі  фикыһ  саласындағы  ғұламалардың  айтуынша  көп  ойласа  ғана  жететін  нәрселерде пайдаланылады. Әрі сіз мысалдамаларды кейбір хикая түрінде баяндайсыз. Алхикая деген қиялмен болатын ақиқаты жоқ, іске аспайтын дүние.

ЖАУАБЫ: Рас, қисын (логика) ілімінде "мысалдама түріндегі салыстырма  анық  сенім  туғызбайды"  деп  айтылған.  Бірақ,  мысалдаманың ерекше  бір  түрі  бар.  Ол,  логиканың  бұлтартпас  айғағынан  әлдеқайда қуатты  келеді. Қисынның  бірінші  түрінің  бірінші  бабынан  анағұрлым нақтырақ. Ол қай түрі дейсіз ғой. Мәселен, шағын бір мысал беру арқылы шексіз ақиқаттың ұшын көрсетіп, үкімді әлгі ақиқатқа әкеп тіреп қояды. Ол ақиқаттың заңдылығын жеке бір тұлғадан, кішкене бір заттың бойынан көрсетеді. Сөйтіп, мақсұт ұлы ақиқат ортаға шығады, түсінікті болады, әрі  шағын бөлшектері, ұсақ мәселелер соған негізделеді.

Мәселен былай дейді: "Күн, нұры арқылы өзі біреу бола тұра, жылтырақ  әрбір нәрсенің қасынан табылады". Мұндай мысалдама арқылы ақиқаттың заңы  анықталады.  Сөйтіп  нұрдың  және  нұрлы  заттардың  шектеуі  жоқ екеніне, оған алыс пен жақын бірдей, аздың көптен парқы жоқ, тең екеніне, ол мекенге тәуелсіз екеніне әбден көз жеткізіп, түсінікті болады.

Мысалға  айталық  "ағаштың  жемістері,  жапырақтары  бір  сәтте,  бір тәсілмен  өте  оңай  әрі  керемет  түрде  бір  ғана  орталықтан,  бір  әмір­заңдылықпен олардың белгілі бір пішінге еніп, суреттелетінін мысал ретінде қолданады.  Осылайша  ұлы  ақиқаттың,  күлли,  яғни,  жалпыға  ортақ бір  заңдылықтың  ұшын  көрсетеді.  Сол  ақиқаттың  және  сол  ақиқаттың заңдылығын  өте  анық  түрде  дәлелдейді.  Мына  алып  ғалам  да  бір  ағаш тәрізді нағыз заңдылықтардың, Иләһи көркем есімдердің шағылыс алаңы, құдірет­күшін,  керемет  әсерін  көрсететін  орын  екенін  санаға  мықтап сіңдіреді. Міне, Рисалей Нұрдағы мысалдамалы салыстырулар осы түрге жатады. Ал, бұл дегенің анық қисынның яғни логика ның айғақтарынан әлдеқайда қуатты, анағұрлым сенімді.

Сонымен, Аллаһқа хамд етемін, тәмсіл сырының дүрбісі арқылы ең ұзақ ақиқаттар өте жақыннан көрсетілді. Ең шашыраңқы мәселелер үйлесімін тауып тәмсіл сырымен (шатыры арқылы ) бірікті. Және де, тәмсіл сырының баспалдағы арқылы ең биік ақиқаттарға оңай қол жеткізілді. Және де, тәмсіл сырының терезесі арқылы,  ғайби ақиқаттарға көз жеткізіп, Ислами негіздерге көзбен көргендей имани яқин сенім қалыптасты. Ақылмен қоса, қияли, тіпті нәпсілік құмарлық та берілуге мәжбүр болды. Шайтан да өз қаруын тастауға мәжбүр болды.  



901 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Бәдиүззаман Ескішеһирде

Рисалей-Нұрдың барған сайын халық…

Görüntüle

мүршид пен мүрид

Ардақты Пайғамбарымыз талай мұғжи­залар…

Görüntüle

Құран Хакимнің шәкірттері мен қызметшілеріне нұсқау ретінде және алданып қалмаулары үшін жазылған [Аясофия мысалымен]

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың…

Görüntüle