Молла Саидтың принциптері

1. Ешкімнен ешқашан сыйлық алмау, жалақы да алмау. Кейіннен де қаншама рет қамалып жер аударылса да ешкімнен еш нәрсе алмағандығына тарих куә.

2. Ешбір ғалымға сұрақ қоймау. Тек өзіне қойылған сұрақтарға жауап беретін. «Мен ғалымдардың білімдерін жоққа шығармаймын. Олай болса, оларға сұрақ қою артық болады. Ал менің білімімнен күмәнданатындар болса, сұрақтарына жауап берейін» дейтін.

3. Өз шәкірттерін де зекет, сыйлық алудан тыятын. Оларды тек қана Аллаһ ризалығы үшін жұмыс істеуге баулитын. Тіпті олардың ас-ауқатын көбіне өзі көтеретін.

4. Дүниелік ешбір нәрсеге көңіл аудармайтын. «Бүкіл малмүлкімді бір қолыммен көтеріп кете беруім керек» дейтін. Мұндай жағдайдың себебін сұрағандарға «Уақыты келгенде, менің мұндай жағдайыма жұрттың бәрі қызығатын болады. Екіншіден мол байлық маған ешқандай ләззат бермейді. Мына дүниеге уақытша қонақ үй ретінде қараймын» дейтін.


736 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Мысал әлемі

Қандай бір нәрсе болмасын ғылыми…

Görüntüle

Христиан дінінде көптеген өзгерістер болды.Әуелде төңкерісшілерді (Ватикан Протестанттарды) діннен шыққандар деп атады да,кейіннен олардыдың Христиан екенін мойындады.Ендеше Исламда да осындай өзгеріс реформалар жасалса ше?

Жауап: Бұл салыстырмаңның қисынсыздығы…

Görüntüle

"Неліктен Құран кейбiр мәселелердi қысқа қайырады. Кейбi­реуiн көпшiлiкке түсінікті оларға жағымды, қарапайым халыққа жеңіл, ақылдарын қинамай өте анық та қарапайы тiлмен жеткiзедi?"

ЖАУАП: "Себебi, пәлсапа ақиқаттың…

Görüntüle