«даббет-үл арз» дейтін мақұлықтың шығуы

«даббет-үл  арз»  мәселесіне  келер  болсақ,  ол  туралы
Құранда қысқа-нұсқа, ишара түрінде баяндалған. Оның хал тілімен
не айтқаны, не сөйлегені жазылған. Ал егжей-тегжейлі баяндайтын
жағы болса, мен әзірге басқа мәселелердей нақты біле алмай отырмын,
дегенмен қысқаша былай дер едім:

لَا يَعْلَمُ الْغَيْبَ اِلَّا اللّٰهُ қалайша  тарихта  Перғауын  қауымына
шегіртке, бит бәле болды, және Қасиетті Қағбаны қиратамын деген
Әбрәһа қауымына «Әбәбил құстары» қырғидай тиісіп қырып салған болатын. Дәл сол секілді Суфиян мен Тажалдың  шығарған фитне- бүлігіне мәз мейрам болып алданып, және қасарысқан, діннен безген, оның  үстіне  «Яджуж  пен  Мәджужтың»  анархиясы  қосылып  дүния іріп-шіри  бастаған  кезде  сөйтіп  діннен  безген,  күпірлікке  әбден
батқан  қоғамды  тәубаға  келтіріп,  есін  жиғызу  мақсатында  жерден
жыртқыш хайуан шығып қырғидай қырып қойша жайратады. Аллаһ
ең дұрысын біледі, ол «даббе» яғни мақұлықтың бір түрі болса керек.
Өйткені, өте алып бір ғана тұлға болса барлық жерге әркімге үлгере
алмайды. Демек, сұмдық бір топ жәндік болса керек.

اِلَّا دَٓابَّةُ الْاَرْضِ تَاْكُلُ مِنْسَاَتَهُ

/оның таяғын жеген бір жердің кұрты: (Сәбе сүресі,34:14)/

аяты ишара еткеніндей, әлгі хайуан «даббет-үл арз» деп аталатын ағаш құрты болуы да мүмкін. Ол адамның сүйектерін ағашты жегендей кеміреді. Адамның денесіне
орналасып  тісінен  бастап  тырнағына  дейін  қаптап,  ұялап  алады.
Мүміндер иманның берекетімен және азғындықтан, харамнан жаман
қылықтан тиылу арқылы ол бәледен аман қалады. Осыны мегзеп аят,
иман тұрғысында әлгі хайуанды сөйлеткізген болса керек.

رَبَّنَا لَا تُؤَاخِذْنَٓا اِنْ نَس۪ينَٓا اَوْ اَخْطَاْنَا

/Раббымыз! Егер ұмытсақ не жаңылсақ бізді қолға алма.(Бақара сүресі,2:286)

سُبْحَانَكَ لَا عِلْمَ لَنَٓا اِلَّا مَا عَلَّمْتَنَٓا اِنَّكَ اَنْتَ الْعَل۪يمُ الْحَك۪يمُ

/«Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» (Бақара сүресі,2:32)/

#Шұғалар,5-шуақ

[Қолданылған сурет: Махмуд Қашқари картасы]


1306 раз(a) прочитано


Diğer Makaleler

Алғашқы Нұр медресесі

Барла – иманды жандарға рухани…

Görüntüle

Бәдиүззаман Денізліде

https://www.rebrand.ly/omirtarihiӨмірТарихы-394Рисалей-Нұр…

Görüntüle

Нәзік жандылар қауымына хат

Биыл қоғамнан қол үзіп, жалғыз…

Görüntüle